Біздің «Салауатты өмір салты үшін» миссиямызды ұстана отырып, денсаулық пен өмір сапасын жақсартуға үлес қосатын кең ауқымды қамтитын рецеппен және рецептсіз босатылатын жоғары сапалы, қолжетімді фармацевтикалық препараттарды, сонымен қатар ветеринариялық өнімдерді ұсынамыз.
Қазақстандағы КРКА компаниясы өз қызметін 1994 жылы Алматыда кеңсе ашудан бастады. Өз жұмысының жылдарында КРКА денсаулық сақтау саласында өзін сенімді және инновациялық серіктес ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда KRKA компаниясы Қазақстандағы ең ірі 30 фармацевтикалық компаниялардың қатарына кіреді, бұл оның маңыздылығы және мамандар мен пациенттердің арасында мойындалуының дәлелі.
Компанияның жетістіктері өнімдердің жоғары сапасы мен дәрілік заттардың инновациялық көзқараспен әзірленіп және өндірілуінің арқасында.
2024 жылға қарай компания қызметкерлерінің саны 100 адамға жетті, бұл өсім компанияның нарықтағы позициясын кеңейтуге және нығайтуға деген стратегиялық ұмтылысын көрсетеді. Біздің қызметкерлер Қазақстанның 16 негізгі қаласында жұмыс атқарады. КРКА-ның әрбір қызметкері жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және саладағы көшбасшылықты сақтауға септігін тигізетін ортақ іске елеулі үлес қосуда. КРКА – терапевтік бағыттардың кең спектрін қамтитын жоғары сапалы-дженерик, тиімді және қауіпсіз дәрілік препараттарды өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі.
Қазақстандағы компания кардиология және гастроэнтерология бағытына, ауруды басатын дәрілерге, суық тию және басқа да ауруларды кешенді емдеуде рецептсіз берілетін дәрілерге ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ компанияда ауыл шаруашылығы мен үй жануарларына арналған дәрілік заттардың спектрі бар.
КРКА өз жетістіктерін мақтан тұтады және болашаққа сеніммен қарап, Қазақстанда және бүкіл әлемде өз қызметін дамытуды және кеңейтуді жалғастыруда. Біздің күш-жігеріміз бен өз ісімізге деген берілгендік, салауатты және гүлденген қоғам құруға ықпал етіп жатқанына сенімдіміз.